Елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне жаңа басшы тағайындалды
00:10, 30 Шілде 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметін Ақмарал Олжабаева басқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгіннен бастап мен әкімдіктің баспасөзқызметінің жетекшісі – қала әкімінің баспасөз хатшысымын. БАҚ саласы бойыншателеарналарда да, ақпараттық агенттіктерде де жұмыс істедім. Әкімдіктіңбаспасөз қызметінде жұмыс істеу мен үшін зор жауапкершілік, әрі мәртебе. Кез келген уақытта хабарласыңыздар, біздіңбаспасөз қызметіміз бәріңіз үшін ашық! Бірлесе жемісті жұмыс жасауға біздайынбыз» - деп жазды Ақмарал Олжабаева Facebook-тегі парақшасында.
Ақмарал Олжабаева бұған дейін «BNews»ақпараттық агенттігінің бас редакторы сол сияқты «Еуразия» біріншіарнасында біраз жылдар тілші қызметінатқарды.