Елорда әкімі екі қызды судан құтқарған полицей мен ТЖД қызметкерін марапаттады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов екі қызды судан құтқарған полицей мен ТЖД қызметкерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанқаласы Төтенше жағдайлар департаменті құтқару отрядының қызметкері ДмитрийИнкин мен Полиция департаментінің аға инспекторы Руслан Саидовке «Алғыс хат»пен естелік сыйлық тапсырды.

«Күнделікті азаматтардыңқауіпсіздігін қамтамасыз етуде полицейлер мен құтқарушыларымыз лайықты үлесінқосып жүр. Олар өздерінің қызметтерін адал атқарып жүрген азаматтар. Жақындаосы қызметкерлеріміз адам өмірін құтқарып қалды. Сондықтан әріптестердің атынанөзінің қызметімен үлгі болып жүрген бүгінгі марапатталған азаматтарғаалғысымызды айтқым келеді», - деді Алтай Көлгінов.

Еске сала кетейік, 28 шілдекүні түстен кейін «Причал» қонақ үйінің аумағында Д. Инкин өзінің шұғыләрекетімен суға батып жатқан қызды алып шыққан болатын. Кейін сол жерде тағыбір қыз құтқарылды. Құтқару шаралары барысында Дмитриге полиция қызметкері Р.Саидов көмектескен болатын.

Соңғы жаңалықтар