Елорда әкімі қала халқы үшін ең өзекті үш мәселені атады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов шешімін табуды талап ететін елорданың ең өзекті үш мәселесін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріншісі – бұлсалымшылардың мәселесі. Қазіргі таңда қалада 50-ге тарта проблемалық нысан бар.Олардың құрылысы 5 немесе 10 жылдан асып кеткен. Ал салымшылардың саны 14 мыңғажетіп отыр. Олардың проблемалық санатта жүргендері – 10,5 мың адам. Біз Мемлекетбасшысының тапсырмасы бойынша министрліктермен бұл мәселені шешіп жатырмыз. Әрүй бойынша нақты механизм бар», - деді Алтай Көлгінов Үкімет отырысынан кейінтілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша,аталмыш мәселеде арыз бойынша даулар, инвесторлар мен салушыларға қатыстымәселелер, салымшылардың өз арасындағы келіспеушіліктер секілді сұрақтар бар.

«Міне, сол себепті,әр үй бойынша жеке жұмыс жүргізілуі тиіс. Осы жылы 10 үйді пайдалануға берсек,келесі жылғы кезекте тағы 15-і тұр. Алдағы 3 жылда жағдайды түпкіліктіөзгерткіміз келеді», - деді шаһар басшысы.

Әкімнің айтуынақарағанда, елорда үшін өзекті екінші мәселе – қала шетін абаттандыру.

«16 кент, қосылғантұрғын үй кешендерінде қала халқының 25 пайызы өмір сүріп жатыр. Ондағы халықсаны – 280 мың адам. Оған қатысты сұрақтарды да үшке бөліп отырмыз: біріншісі –инфрақұрылым, екіншісі – әлеуметтік нысандар, үшіншісі – абаттандыру. Жылыаялдамалар, автобустардың бағдарларына келгенде қала шетіндегі тұрғындарбіршама қиналатынын жасырмаймыз. Бұған қатысты Мемлекет басшысының жекетапсырмасы бар. Алдағы үш жылдың жоспары бекітілген», - деді ол.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, үшінші мәселе - астана халқының саны көбеюіне байланысты әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі. Сондықтан мектеп, балабақша құрылысын тек бюджет есебінен емес, жеке инвестицияларды тарту арқылы да жүзеге асыру қажет.

Соңғы жаңалықтар