«Спорт залдары ашылған. Таза ауада, яғни, көшеде, саябақтар мен гүлзарларда спортпен айналысуға рұқсат берілді. Ал фитнес орталықтарына қатысты әзірше санитарлық дәрігер ашпауды кеңес етіп отыр. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты аша алмаймыз», - деп түсіндірді әкім.
Дегенмен, елорда басшысы бұл мәселенің біртіндеп шешілетіндігін жеткізді.
«Оның да уақыты келеді. Барлығы жағдайға байланысты. Ылғалды ортада тәуекел де жоғары», - деді Алтай Көлгінов.