Елорда әкімі пайдалануға берілмеген тұрғын үйде тұрып жатқандардың шағымын тыңдады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Асан Қайғы-Ғұмар Қараш-Тараз-Ағыбай батыр көшелерінде орналасқан «Территория Комфорта-2» тұрғын үй кешеніне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын үй кешені екі24 қабатты мұнарадан тұрады. Үлескерлердің жалпы саны - 437адам. Бұл үй әлі пайдалануға берілмегеніне қарамастан, үлескерлер 2014 жылы оған қоныстанып алған.

Тұрғын үй кешеніндежобалау-сметалық құжаттама, өрт сөндіру және түтін шығару жүйелері жоқ. Жылутрассасы мен сыртқы су құбыры желілері қаланың балансына берілмеген.

Тұрғындардыңайтуынша, электр қуаты, жылу және сумен қамтамасыз ету үйге уақытша қосалқыстанса арқылы келеді.

«Бір қосалқы стансағакүніміз қарап отыр. Егер ақау бола қалса, онда үйдегі электр қуаты өшіп қалады.Қаттыжел кезінде үйдің плиткалары құлап жатады. Басымызға бірнәрсе түсіп кетпей медеп әрдайым жоғары қарап алаңдаумен боламыз. Үйдің пандусы шөгіп барады», - деді тұрғындар.

Қала басшысыбірінші кезекте жобалық-сметалық құжаттаманы жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Үйді пайдалануғаберу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы жүргізу қажет. Үйге, сыртқықаңқаға, пандусқа техникалық тексеру жүргізу керек», - деді А. Көлгінов.




Соңғы жаңалықтар