Елорда әкімі: Сарыбұлақ өзеніндегі жағдай - экологиялық апат

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов Сарыбұлақ өзені сағасын реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Бұл туралы әкім өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Сарыбұлақ өзені ұзақ уақыт бойы қаралмай, шөп басып кеткен. Өзеннің 25км жерінен осыны байқауға болады. Бұл алаңдатарлықтай жағдай. Өзен сағасыныңбір бөлігі бойынша жоба-сметалық құжаттар 2013 жылы қабылданғанымен онда осыкүнге дейін құрылыс жұмыстары жүргізілмеген. Бұны экологиялық апат депбағалауға болады. Жағдайды шұғыл түрде реттеу керек. Тиісті шаралар қолданукерек»,-дейді шаһар басшысы.

Оның айтуынша, біріншіден сазға айналған бөліктерді тазалау керек.Екіншіден жоба-сметалық құжат дайындау керек. Қазір бұл бағыттағы жұмыстартоқтап тұр.

«Қазір қажетті қаржы көлемін есептеп, қосымша тағы қаражат бөлеміз. Қалаүшін маңызды жобаны жүзеге асыруды шүғыл қолға алу керек»,-деді Алтай Көлгінов.