Елорда әкімі тұрғын үй алаптарының жағдайымен танысты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана әкімі Алтай Көлгінов төрт тұрғын үй массивінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына жасап.

Тұрғындар орталықжылудың, судың, кәріз жүйесінің және балаларға арналған білім беруорталықтарының жоқтығын айтты.

«Кирпичный»тұрғын үй алабының тұрғындары ауыз судың жоқ екенін айтады. Су колонкасындаүлкен кезек пайда болады. Қамысты ауданының Квартальная көшесінде орналасқан 6-үй12 жыл бұрын апатты деп танылды, алайда ондағы 5 отбасы әлі көшірілген жоқ.

Аумақта силикаткірпіш өндіретін зауыттың жұмысына байланысты жағымсыз иіс жиі пайда болады.Нөсерлік кәріздердің орталық желілерін барлық 15 көше бойынша жүргізу қажет.

«Промышленный»(Силикат) тұрғын үй массивінің тұрғындары ескі үйлерді бұзу бағдарламасыбойынша өз кезегін күтуде. Серікпаев көшесінде орналасқан 14-үй былтыр апатты дептанылған. Үйдің қабырғасы, төбесі және едені құлаған. Қауіпті жағдайда 15отбасы тұрады (3 отбасы басқа ауданнан пәтер алып жатыр). Жоспар бойынша, осыжылдың күзінде олардың жаңа ТК-ға көшіреді.

«Мичурин»тұрғын үй алабында 2 400-ден астам адам тұрады.

«Барлығымызжергілікті тұрғындармыз, осы жерде туып өстік. Біздің ауданда балаларғаарналған мәдени-демалыс орталықтарын ашуды сұраймыз. Жаз бойы олар көшеде, алкүзде, қыста суық болады, оларға үйірмелер қажет. Жарықтандырумен айналысуқажет, »жылдамдық бәсеңдеткіштерін« төсеу керек», - деді«Мичурин»тұрғын үй алабының тұрғындары. «Күйгенжар»тұрғынүй алабының тұрғындары да осындай мәселелер бойынша шағымданды.

Қала әкімі тұрғынүй массивтерінің мәселелері 3 негізгі блоктарға бөлінгенін атап өтті: жол жәнеинженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік нысандардың тапшылығы және абаттандырумәселелері.

«Біз тұрғын үймассивтерінің тұрғындарымен кездесіп, аумақты зерттейміз. Барлық проблемалықмәселелерді бір күнде шешу мүмкін емес. Алдымен үйге ауыз су жүргізу,аялдамалар орнату, жолға қосымша автобустар бөлу сияқты бірінші кезектегімәселелерді шешеміз. Қоғамдық кеңесте тұрғын үй массивтерінің мәселелерінқарастырамыз,үш жылдық бюджет жобасына түзетулер енгіземіз. Жоспарға сәйкесжұмыс жасайтын боламыз», - деді А. Көлгінов.

Елорда әкімі 280мыңнан астам адам тұратын 16 тұрғын үй алабында болды.

Соңғы жаңалықтар