«Үлескерлер проблемасы өзекті екені белгілі, 15 мың отбасы өзінің баспанасына қол жеткізе алмай жылдар бойы күтті. «Сақалды құрылыс» атанған 150 көпқабатты үй болса, соның 90-ны биыл бітеді. Осы орайда 2019 жылы 13 үй (2,7 мың отбасы) тапсырылса, 2020 жылы 20 тұрғын үй (2,7 мың отбасы) берілді, ал биыл 57 көпқабатты тұрғын үйдегі 7 мыңнан астам отбасы өз пәтерлерінің кілттерін алады», - деді А. Көлгінов елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында.
Оның айтуынша, үлестік құрылыста құжатнама, жобалау-сметалық құжат бойынша мәселелер туындап, қаржыландыруда проблемалар, сондай-ақ алаяқтық әрекеттері болды.
«Қаржыландыру қамтамасыз етілді. Бюджет қаражатын қайтаруымыз керек. Тағы 90 млрд теңге жеке инвестиция тарттық», - деді қала әкім.
«Қазір үлескерлер әрбір үй бойынша жұмыстар жүріп жатқанын көріп отыр. Инвестор бар, бюджеттен қаржыландыру ескерілген», - деді ол.