Елорда әкімінің бірінші орынбасары С.Хорошун ТЖМ медалімен марапатталды

АСТАНА. 30 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Конституция күні қарсаңында еліміздің Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасарына медаль табыс етті. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«ҚР Конституция күні қарсаңында ТЖ вице-министрі В.Петров ҚР ТЖМ басшысының атынан елорда әкімінің бірінші орынбасары С.Хорошунға Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою мемлекеттік жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыс етті»,- деп хабарлады ведомстводан.

Сергей Михайлович Хорошун Солтүстік Қазақстан облысында туып-өскен. Целиноград инженерлік-техникалық институтын тәмамдаған. 2006 жылдан бастап Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарады. Қаланы дамыту мен құрылыс жүргізу, қаланың сәулеттік бейнесін қалыптастыру, баспана құрылысын дамыту және сәулет-құрылыс бақылауын ұйымдастыру мәселелері бойынша шаһар басшысының тапсырмалары мен актілерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.