Елорда әкімінің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жаңа орынбасары тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана әкімдігінің аппараттық кеңесінде Алтай Көлгінов жаңа кадрлық өзгерістер туралы айтты. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты қала әкімінің орынбасары Арман Турлубек қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, елорда әкімі Данияр Есинді Қазақстан Республикасының Ақпаратжәне қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Бұдан бұрын ол Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасыныңбасшысы болды. Алтай Көлгінов А. Тұрлыбек пен Д. Есинге атқарған жұмысы үшіналғыс білдіріп, елорданы дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етті.

Қала әкімінің өкімімен Қайсағалиев Алтынбек Кеңесұлы қала әкімініңорынбасары болып тағайындалды.

Ол үлескерлер салынып бітпеген МЖК, абаттандыру, көгалдандыру,санитарлық тазалау және қарды жинау мәселелерімен айналысатын болады. Сондай-ақоның қарауында коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдарының құрылысы менинфрақұрылымы және қоршаған ортаны қорғау мәселелері болады.

Алтынбек Қайсағалиев Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «құрылысшы» мамандығыбойынша, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «мемлекеттікжәне жергілікті басқару» мамандығы бойынша. «Болашақ» бағдарламасыныңтүлегі, Бат университетінің Менеджмент, инновация және технологияларсаласындағы жаратылыстану ғылымдарының магистрі (Ұлыбритания). Еңбек жолы: -Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау жәнеұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің консультанты, инспекторы,

- «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі»,

- Орал қаласы әкімі аппаратының басшысы,

- Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамубасқармасы басшысының орынбасары, қала өнеркәсібі мәселелерімен айналысқан.

- Орал қаласы әкімінің орынбасары. ТКШ, абаттандыру, сәулет және қалақұрылысы мәселелеріне жетекшілік еткен.

- Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы.

Соңғы жаңалықтар