Елорда әкімі қалада су шаятын төрт қана учаске қалғанын айтты

Фото: Фото: акимат Астаны

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының әкімі келесі жылы қала көшелерін жауын-шашын соншалықты шаймайды деп сеніп отыр.

- Көктемде тәулігіне қуаттылығы 188 мың текше метр, екінші кәріз-тазарту құрылғыларының құрылысын бастаймыз. Сонымен қатар, су бұруды қамтамасыз ету мақсатында «Көктал», «Өндіріс» тұрғын аудандарында және индустриялық парк аудандарда қосымша жалпы қуаттылығы шамамен тәулігіне 85 мың текше метр болатын үш жергілікті тазарту құрылғыларының жобалары әзірленіп жатыр. Құрылысты келесі жылы басталады деп отырмыз, - деді Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып. 

Әкімнің мәлімдеуінше, 2019 жылы қалада су жиі шаятын 245 учаске болды. 

-Кәріз жүйелерін салу және қолданыстағы кәріз желілерін тазарту мен қайта жаңғырту арқылы қазіргі уақытта тек 4 учаскенің мәселесін шешу қалды (Рысқұлов көшесі, Тұран даңғылы, Триумф аркасы, Қорғалжын тас жолы). Өткен маусымдағы ең проблемалы учаскелер Тұран даңғылы мен Триумф аркасы ауданы болды. Осыған орай қысымды азайтып, ағынды кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Келесі жылы жаңа тазарту құрылғыларының құрылысын бастаймыз. Көктемде үлкен су шаю болмауы тиіс, - деп сендірді елорда әкімі.

Осыған дейін елорда әкімінің жалпы өңірлік өнімнің бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 7% құрағаны туралы айтқанын жаздық.