«Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Түнгі уақытта жауған жаңбырдың салдарынан көктайғақ болды. Коммуналдық қызметтер түннен бастап жолдар мен тротуарларға құм мен тұз қоспасын сеуіп жатыр», - деп жазды Ж. Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл тұрғыда ол көктайғақ кеткенше қарттар мен балаларды көшеге шықпауға шақырды. Ал көлік жүргізушілері ара қашықтықты сақтап, өте сақ болуы болуы қажет.
«Травматология пункттерінің жұмысы күшейтілді. Аудан әкімдіктеріне және МИБ/ПИК-ке аулалар мен қоғамдық орындарға инертті материал шашу тапсырылды», - деді әкім.