Елорда әкімдігі 26 жер учаскесін 135 млн теңгеге сатып алады

АСТАНА. KAZINFORM – Елорда әкімдігі қала қажеттілігі үшін 26 жер учаскесін 135 млн теңгеге сатып алады. Бұл туралы Астана қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ануар Саипов айтты.

Фото: АШМ

- Астана қалалық мәслихаты сессиясының қарауына 135 млн теңге сомасына жалпы ауданы 0,2 гектар 4 нысан бойынша 26 жер учаскесін сатып алу жөніндегі шарт жобасы ұсынылады. Жер учаскелерін сатып алу келесі құрылыс нысандары бойынша жүзеге асады. Біріншісі – жобалық атауы ЮК-7 және ЮК-2 көшелері қиылысы маңындағы көше. Екіншісі – Тоқпанов көшесі маңындағы мектеп. Үшіншісі – Айтматов көшесі мен Қорғалжың тас жолы қиылысы ауданынағы әкімшілік ғимарат. Төртіншісі – Қорғалжың тас жолы маңындағы жылумен қамту магистралдық желісі, - деді басқарма басшысы қалалық мәслихат отырысында.

Бұған дейін елорданың «Өндіріс» тұрғын үй алабы газдандырылатынын жазған едік.