Елорда апта бойы жаңбырлы болуы ықтимал

АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Таяу күндерде Астанада жаңбырлы ауа райы сақталып, температура төмендеуі ықтимал.

Синоптиктердің болжамы бойынша, ауа райы құбылмалы болып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Температура түнде 12-ден 17°C, күндіз 20-дан 25°C-қа дейін жетеді. Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК мәлім етті.

«Астанада дүйсенбіде күн бұлттанып, жабыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14, кей жерлерде 18 м/с дейін жетеді. Температура түнде 15 17°C, күндіз 23 25°C шамасында»,- деп хабарлайды синоптиктер.

Елордада сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері ауа райы еш өзгермейді: Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 9-14, кей жерлерде 18 м/с дейін жетіп, температура түнде 8 11°C, күндіз 18 22°C шамасында болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, тұтастай алғанда, бас қалада аптаның соңына дейін жаңбырлы болып, күн күркіреп, әлсін-әлсін күшті жел тұруы ықтимал.