Тілшілер арасындағы байқау ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елорда әуежайының 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
«Биыл біздің әуежай 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Сондай-ақ, айтулы дата тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Осы орайда БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында үздік материалға байқау жариялаймыз. Бізге қарасты 2 компания аталған бастаманы қолдап отыр. Бас жүлдеге Ыстанбұл (Түркия) мен Ташкент (Өзбекстан) қаласына 2 адамға арналған жолдама беріледі. Байқау нәтижесі мен оның жеңімпаздарын БАҚ өкілдері мерекесі қарсаңында анықтайтын боламыз», - деді елорда әуежайының баспасөз хатшысы Ануар Шалекенов.
Айта кетсек, бүгін елорда әуежайында жолаушылар үшін жаңа қызмет түрі іске қосылды.