Елорда әуежайынан Әзербайжан астанасына аптасына 2 рет тікелей ұшуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан астанасынан Бакуге рейстер сейсенбі және жұма күндері, кері бағытта - дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Әзербайжан мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді»,-делінген хабарламада.