Ұсталған әйел Қазақстан азаматы, Астанаға Ыстамбұлдан ұшып келген екен. Қазіргі уақытта алтын бұйымдар сараптамаға жөнелтілді. Контрабанданы ұстауға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
19:19, 12 Тамыз 2010
Елорда әуежайында алтын әшекей бұйымдарды заңсыз алып өтпек болған әйел қолға түсті
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Серік Сәбеков/ - Бүгін елорда әуежайында жалпы салмағы 4 килә болатын алтын әшекей бұйымдарды бақылау бекеті арқылы заңсыз алып өтпек болған әйел қолға түсті, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.