Бүгін Нұр-Сұлтан қаласына тұрақты рейстерді жүзеге асыратын IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығы мүшелері Air Astana, SCAT, Belavia, LOT Polish Airlines, Turkish Airlines, Air China, Uzbekistan Airways және FlyDubai қазақстандық және шетелдік әуе компанияларының өкілдерінің қатысуымен арнайы кеңес өтті.
Жиынның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының үш әріптік кодын ауыстыру туралы шешімді әуе компаниялар бірауыздан қолдады. Бұл шешімнің хаттамасы IATA штаб-пәтеріне жіберіледі.
Азаматтық авиация комитеті Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының үш әріптік кодын өзгерту бойынша IATA-мен жұмысты жалғастырады.