Елорда аумағындағы жерлерге ревизия жүргізіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала аумағындағы жер телімдеріне ревизия жасалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысы елордааумағындағы жерлердің қаншалықты тиімді игеріліп жатқанынан талдау жасауқажеттігін айтады.

«Өзекті мәселенің бірі жерді тиімді пайдалану. Жер –өндірістің негізгі тірегі. Өзімнің орынбасарымАсқар Амриновке сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасыменбірлесіп барлық жерге ревизия жасауды тапсырамын. Қазіргі жағдайды нақтылап,нәтижесі бойынша талдау жасау қажет. Қалыптасқан мәселелерді жою туралыұсыныстар беретін болыңыздар», -деді әкімҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткенҮкіметтің кеңейтілген отырысында жүктелген міндеттерді орындау бойынша өткен жиында.

Алтай Көлгінов тағы бір орынбасары Нұрлан Нүркеновке сақалдықұрылыстардың жағдайын зерделеуді тапсырды.

«Нұрлан Жаңбыршыұлына қалалық орта сапасы және бақылаубасқармасымен бірге игерілмей жатқан жерлер бойынша түбегейлі шаралар қолданудыжүктеймін. Жер телімдерін заңсыз негізде, өз бетімен иемдену фактілерін, заңсызсалынған нысандар мен жылдар бойы бітпей жатқан құрылыстар бойынша нақтышешімдер қабылдау қажет», - деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар