«Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күн сайын билетсіз жолаушыларды анықтау рейдтерін жүргізеді. Өздеріңіз білетіндей, «қояндар» жолақыны тек Көліктік бақылау департаменті қызметкерлерін көрген кезде ғана төлейді», - делінген компанияның Facebook-парақшасында жарияланған ақпаратта.
Мәселен, компания мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысында Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 222 415 фактісін анықтады. Оның ішінде 9 900 жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-бөлігі бойынша 57 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, таратылған ақпаратта Көліктік бақылау департаменті қоғамдық көлік жүргізушілерінің аялдама пунктіне кірмеуіне, қозғалыс аралығын сақтамауына, қозғалыс сызбасын өзгертуіне және тағы да басқа жайттарға мониторинг жүргізетіндігі айтылған.