Елорда барлық жағынан бүкіл өңірге үлгі болуы тиіс - Н.Назарбаев
Бүгін елордада Астананы одан әрі дамыту бойынша өтіп жатқан кеңес барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Астананың мемлекет қазынасын арттыруға қосып отырған үлесі де қомақты. Мәселен, бюджетке түсімдер 434 млрд. теңгені құрады. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артық. Астана тіпті дағдарыс кезеңінде де өсім қарқынын сақтап қалды. 2008 жылдан бері ішкі өңірлік өнім 60 пайызға артты. Қалаға 1,7 трлн. теңге инвестиция тартылды. 5,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды»,- деді Елбасы өз сөзінде.
Сонымен қатар, Президент Астананың бұдан кейін де өсім лидері болып қоймай, экономиканың, қала шаруашылығының тиімді басқару үлгісі болуы керектігін атап өтті.
«Бас қала халықтың өмір сүрі сапасын арттыру мен қолайлы жағдалар жасауда, мемлекеттік қызмет көрсетуде де үлгі болуы керек. Бұған барлық мүмкіндіктер, сонымен қоса менің тікелей қолдауым да бар. Қала дамуының, ондағы әрбір нысан салынуы барысының бір күні де менің көз алдымнан тыс қала алмайды. Өйткені елдің астанасы барлық жағынан бүкіл өңірлерге үлгі болуы тиіс», - деді Н. Назарбаев.