Атап айтқанда, қияр 9,6%, қызанақ 8,9%, қырыққабат 3,9% арзандаса, сәбіз 9,5%, қызылша 3,4%, пияз 3,2%, картоп 1,2% қымбаттаған. Сонымен қатар, жұмыртқа 6,6%, қарақұмық жармасы 2,5% және тары бағасы 1,3% төмендеген. Статистика департаментінің хабарлауынша, бірінші жартыжылдықта жоғары сұрыпты бидай ұнының бағасы 1,3%, ұнтақ жармасы 1,6%, қаймақ 1,0% өскен.
16:20, 30 Шілде 2013
Елорда базарларында көкөністер арзандады
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Елордада жартыжылдықтың қорытындысы бойынша кейбір азық-түліктің бағалары арзандады. Қалалық Статистика департаментінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 15 шілде жағдайында Астана базарларында бірқатар көкөністердің бағасы төмендеген. Бұл туралы astana.kz жазады.