Елорда базарында 30 дүңгіршек жанып кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Big Шанхай» базарында 30 дүңгіршек жанып кетті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«6 тамыз күні сағат03:49-да Нұр-Сұлтан қаласының »101« пультіне Байқоңыр ауданының Алашкөшесінде орналасқан «Big Шанхай» базарында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен 03 сағат 57 минутта «Ярмарка»азық-түлік павильонында халық тұтынатын тауарлар орналасқан 30 дүңгіршек жаныпжатқаны анықталды. Құтқарушылардың күшімен 04:35-те жалынның таралуытоқтатылып, 05:08-де толығымен ауыздықталды», - деді ресми өкіл.


Тілсіз жау 500шаршы метр аумақты шарпыған.

«Құрбанболғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 44 адамы мен 12техникасы жұмылдырылды», - деп толықтырды Н.Нұрахметов.


Соңғы жаңалықтар