Елорда циркі балаларға мерекелік думан сыйлады

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін елордалық циркте Отан қорғаушы күніне арналған Мәскеу циркінің қойылымы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бізге ресейліктер «Жануарлар карнавалы» атты жаңа қойылымымен келіп отыр. Олар сәуірдің 18-і мен мамырдың 11-і аралығында елорда циркінің манежінде өз өнерлерін көрсетуде. Міне, бүгін мерекеге арналған ресейлік цирк өнері жұлдыздарының қойылымдарын мектеп оқушылары тамашалауда», - деді директордың міндетін атқарушы Бекболат Байсағатов. Ресейлік Серго Самхарадзенің, Михаил Таланиннің бастауымен өтетін қойылым бағдарламасында қолға үйретілген буйвол, аю, маймылдар өнер көрсетіп, роликтегі акробаттар, гимнастика шеберлері аренаға шығады.