Елорда дәмханаларында бір үстелде 4 адамнан артық отыруға болмайды
«Еліміздің бас қаласында COVID-19 індетінің тез өсуіне байланысты эпидемиологиялық жағдай күрделі. Соңғы тәулікте ішінде зертханалық расталған 3312 жағдай тіркелді, өсім – 2,07% - ды құрайды. Соңғы аптада COVID-19 бойынша 9136 жағдай тіркелді. Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда алдыңғы аптадан 7,9 есе жоғары, яғни сырқаттанушылықтың апталық көрсеткіші 97,3-тен 768,8-ге дейін өсті, ал репродуктивтік көрсеткіш 3,08-ге жетіп отыр», - деді
Оның сөзінше, қаңтардың алғашқы 12 күнінде барлығы 40 мыңнан астам тест жасалды.
Және коронавирус инфекциясы 9428 адамнан табылды, бұл 2021 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 3 есе артық.
«Барлық жастағы адамдар инфекцияға бейім болып келеді, бірақ соңғы күндері біз 25-39 жастағы адамдар арасында біршама өсімді байқадық, олар ересек тұрғындардың 30 %-ын құрайды, бұл жалпы сырқаттанушылықтың 79 %-ын құрайды. Балалар үлесі 18% - ды және жасөспірімдер 3,0% - ды құрайды. Осыған орай тағы бір маңызды жайт, адам жиналатын ол тамақтану орындары. Қаулыға сәйкес 1 үстелдің басында 4 адамнан артық отыруға немесе отырғызуға болмайды», - дейді ол.