«Бұл фейк емес. Видеоны түсірген менің әйелім. Шамалы уақыт бұрын Ұлы Дала көшесінің бойымен көлікпен келе жатқанда байқапты. Сосын маған жіберді, мен парақшама жарияладым», - деп жауап берді ол ҚазАқпарат тілшісінің қоңырауына.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет қазіргі уақытта бұл оқиғаны анықтап жатқандарын мәлім етті.