Елорда емханаларында қосымша қабылдаулар өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат -18-19 желтоқсанда барлық емханаларда дәрігерлер қосымша қабылдаулар өткізеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жіті респираторлық ауруларға шалдығу жағдайларының артуына байланысты және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін 2016 жылдың 18-19 желтоқсанында барлық қалалық емханаларда, «Демеу» оқыту-клиникалық орталығында, «Достық», «Ниет» отбасылық денсаулық орталығында сағат кешкі 18.00-ге дейін дәрігерлердің қабылдауы ұйымдастырылуда»,-деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сондай-ақ 22 кезекші бригада шақырулар бойынша барады.
Аурудың белгілері біліне бастаса, тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға жүгініп, медициналық көмек алуыңызға болады.