Елорда халқы алдағы онжылдықтарда 3 миллионнан асып кетеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-сұлтан қаласының халқы алдағы онжылдықтарда 3 миллионнан асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап.

Туу және өлім-жітімкөрсеткіштері өткен жылдың деңгейінде сақталса 30 жылдан кейін Қазақстан халқы24 миллион адамнан асады. Олардың 9 миллионы еліміздің ең ірі үш қаласындатұратын болады.

Мұндай тұжырымдарғаЕңбек ресурстарын дамыту орталығының (бұдан әрі ЕРДО) сарапшылары ҚР Ұлттықэкономика министрлігі статистика комитетінің ақпаратын талдау нәтижесінде қолжеткізді. Ресми мәліметтерге сәйкес, Қазақстан халқы биыл 1 шілдедегі жағдайбойынша жыл басынан бері 112 мың адамға көбейіп, 18,5 миллионнан асқан.

Сонымен бірге,қалалану (урбанизация) процесі белсенді түрде жалғасуда. Бірінші жартыжылдықта112 мың тұрғынның ішінде қалалардың үлесі 74,3% құрады (2019 жылдың басында58,2% болған). Ауылдық жерлердегі халықтың саны бар-жоғы 29 мың адамға өсті,бұл төмен көрсеткіш тұрғындардың ауылдардан кетуімен байланысты. Жыл басынанбері ауылдық аумақтардан көші-қонның теріс сальдосы 23 мың, ал табиғи өсім 52мың адамды құрады.

Алматы, Нұр-сұлтанжәне Шымкент қалаларында қазіргі уақытта халықтың 22% тұрады. Егер оларғаіргелес жатқан облыстарды (Алматы, Ақмола және Түркістан) қоссақ, онда бұлкөрсеткіш 47,5% дейін артады.

ЕРДО сарапшыларыныңмәліметі бойынша, туу және өлім-жітім көрсеткіштері өткен жылдың деңгейінде, алкөші-қон ағындары соңғы бес жылдың орташа мәнінде сақталса Қазақстан халқыныңорташа жылдық саны 2027 жылға қарай 20 миллион адамнан асады, ал 2050 жылғақарай ол 24,5 миллион адамға жетеді.

«Осы жағдайларда2050 жылға қарай Нұр-сұлтан қаласы тұрғындарының саны 3,1 милионнан асады, бұл2018 жылмен салыстырғанда 194% өсімге сәйкес келеді және ең ірі мегаполис –Алматыға жақындай түседі. Отыз жылдан соң осы шаһар тұрғындарының саны 3,3миллионға жетіп, өсім 82% құрайды. Үшкінші мегаполис – Шымкенттегі халық саны2050 жылға таман 2,6 млн адамға немесе 167% дейін өседі», деді ЕРДО еңбекресурстарын болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Ол сонымен қатар,республиканың өңірлері арасында мұнай өндіретін аймақтарда халықтың қарқындыөсуі күтілетінін атап өтті. Сарапшылардың болжауынша 2050 жылға қарай Маңғыстауоблысында шамамен 1 миллион 360 мың адам (2018 жылы – 669,3 мың адам), Атырауда– 1,1 миллион адам (2018 жылы – 627,2 мың адам) тұратын болады.

«Алайда халықтың өсуібіркелкі емес. 2050 жылға қарай бес облыстың (Ақмола, Қарағанды, Павлодар,Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары) халқы бүтіндей есептегенде 1,3миллион адамға немесе 2018 жылмен салыстырғанда 24% қысқаруы мүмкін. Текбірінші жартыжылдықта аталған өңірлердің халқы 8,3 мың адамға азайған, алкеткен адамдардың саны келгендерден 21,4 мыңға артық. Егер көші-қон құрылымында20-30 жас аралығындағы адамдар басым болатындығын ескерсек, табиғи өсудеңгейінің төмендеуіне байланысты адам санының азаюы бұдан да жылдамдай түсуіықтимал», - деп толықтырды Дмитрий Шумеков.

Сонымен бірге, 1990жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдардың басындағы бала туу деңгейінің төмендеуінебайланысты 20-29 жас аралығындағы әйелдер саны айтарлықтай азаятынын айтты.Егер 2018 жылы олардың саны 1,4 миллион адамды құраса, 2025 жылға қарай дәл осыкөрсеткіш 1,1 миллион адамға дейін азаяды деп болжануда. Нәтижесінде бала тууесебінен халық санының өсуі баяулайды, бірақ бұл үрдіс тоқтамайды.

Айта кету керек,бұл болжам ретроспективаға негізделген және бірқатар факторларға байланыстыорындалмауы мүмкін.

Естеріңізге салакетейік, 1999 жылдың маусым айында ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде «ҚР Еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегіақпараттық-талдау орталығы» РМҚК құрылған болатын. 2011 жылдың қазан айындаРМҚК «Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ болыпқайта құрылды. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 1 шілдедегі Қаулысымен «Жұмыспен қамтупроблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Еңбек ресурстарын дамытуорталығы» АҚ болып өзгертілді.

Орталық қызметініңнегізгі саласы – еңбек нарығын реттеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудіңбелсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық жәнеталдамалық қолдау, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергіліктіатқарушы органдарды және халықты жұмыспен қамту орталықтарын әдістемелікқолдауды қамтамасыз.

Соңғы жаңалықтар