Елорда ХҚКО-ларында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша кеңес беріледі

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - 5 ақпаннан бастап астаналық тұрғындар Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысу шарттары бойынша Астана қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан кеңес ала алады.

Астана қаласы ресми сайтының хабарлауынша, қазір кеңес беру қызметтері Есіл (Сауран к-сі. 7) және Сарыарқа аудандары бойынша (Бөгенбай батыр даңғ. 6 а) орналасқан ХҚКО-да көрсетілуде. Келешекте басқа ХҚКО-ларда да кеңес беру қызметтерін жандандыруды көздеуде.

Мақсат - жұмыссыздарды, арнайы әлеуметтік топтарға жататын адамдарды, өз бетінше жұмыспен айналасушыларды еңбек нарығында қажет етілетін мамандықтарға қайта даярлау және біліктілігін жоғарлату курстарында тегін оқытып, жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін қарастыру.

Жоғары және арнайы орта оқу орындары түлектерінің елорданың ұйымдары мен кәсіпорындарында еңбекақы төленетін жастар тәжірибесінен өтуіне мүмкіндіктері бар.

Бағдарлама қатысушыларын кәсіби оқыту мен жұмысқа орналастыруға жұмыс берушілердің де қатысуына толық негіз бар.

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы Брусиловский көшесі 17/3 мекен-жайында орналасқан, тел.: 57-88-88, 57-89-78, 57-88-87.