Елорда іргесіндегі елді мекендерде қанша халық тұрады
«Елордадан 30 шақырым радиуста болжамды халық саны 283 мың адамды құрайтын 39 елді мекен орналасқан және маятниктік көші-қон деңгейі – 85 мың адам. Демек, қалаға күн сайын 85 мың адам келіп, кетеді. Астанадан 60 шақырым аймақта 83 мың адам тұратын 50 елді мекен бар. Маятниктік көші-қон деңгейі жылына 11 мың адамды құрайды», - деді бүгін қоғамдық талқылау кезінде «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының» жаңа жобасын таныстырған Серік Әбдірахманов.
Оның дерегінше, 60 шақырым аймақтан күн сайынғы жалпы көші-қон 96 мың адамға жетеді.
«Маятниктік көші-қон жағдайын жақсарту үшін жобалық шешімдерге сәйкес Астана аглеомерациясы аймағын қатар дамыту, қосымша жұмыс орындарын құру, өмір сапасын жақсарту қажет», - деді С.Әбдірахманов.
Бұған дейін «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі бас жоспарының» жаңа жобасы бойынша қоғамдық талқылау өткенін жазған едік.