деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Ақмола облысының «Құлагер» ипподромында маусымның 7-17 аралығында ұлттық ат спорты бойынша ҚР чемпионаты өтті. Сынға еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы командалары түсті.
Елорда командасы алаңда төрт ойын өткізіп, қола жүлдеге ие болды. Алғашқы кездесуде астаналықтар Алматы командасын 8:3 есебімен ұтты.
Екінші ойында елордалықтар Қостанай командасын 14:1 есебімен ойсырата жеңді. Жеңіске ойыншылардың әрқайсысы өз үлесін қосты деуге де болады. Үш ұпайды командаға Абылайхан Мангелдинов әкелді.
Солтүстік-Қазақстан облысымен келесі кездесу де 13:4 есебімен Астана командасының пайдасына шешілді. Қола жүлде үшін жартылай финалдық кездесуде біздің спортшылар 8:1 есебімен алаң иелерін ұтты. Екі-екі ұпайдан Арслан Қабжанов, Қазбек Амангелдинов және Дәулет Омбаев алып келді.
Бірінші орын Тараз командасына бұйырса, екінші орынға - Оңтүстік-Қазақстан командасы шықты. Осы жарыстан кейін қатысушылар бірден Астанада жиналған болатын. Елордада да көкпардан жарыс өткен еді. Ойыннан соң көрермендер дала ақындары - айтыскерлердің өнерлерін тамашалады.