Елорда көшелерінің электронды паспорты әзірленіп жатыр

Фото: Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Енді Астанада әр көшенің жеке электронды паспорты болады. Бұл туралы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасның басшысының орынбасары Мерей Байырхан мәлім етті.

«Қазір елорда көшелерінің толық паспорты дайындалып жатыр. Бұл жұмыс былтыр басталды, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты айналысуда. Әр көшенің электронды паспорты болады, ол жерде жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ұзындығы қанша метр, тағы сол сияқты мәліметтер көрсетіледі», - деді Мерей Байырхан қалалық мәслихаттың комиссия отырысында. 

Оның айтуынша, елорда көшелерін цифрландыру жұмыстары алдағы қыркүйекте аяқталады. 

Айта кетейік, бүгін қалалық мәслихатында құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. 

Күн тәртібінде Астана қаласы мен маңындағы тұрғын алаптарында жол салу және жөндеу мәселелері қаралды.