Ұлттық олимпиадалық комитеттен мәлім еткендей, шаршы алаңға шыққан ұлттық құрама мүшелерінің барлығы қарсыластарынан басым түсті.
Олардың арасында Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаевтар бар.
Сондай-ақ, жақында Қазақстан азаматтығын алған этникалық қазақ Аман Қонысбеков те құрама сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.