«Елорда кубогы»: Серік Теміржанов пен Талғат Сырымбетов финалда жұдырықтасады
16:30, 17 Мамыр 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Тағы екі қазақстандық боксшы елордадағы турнирдің финалына жолдама алды.
60 келі салмақта сынға түскен Серік Теміржанов жартылай финалда Әділет Құрметовты 5:0 есебімен жеңді. Осы салмақта жарыс жолына шыққан тағы бір отандасымыз Талғат Сырымбетов жапониялық Сота Накаямадан басым түсті.
Енді финалдық кездесуде Сырымбетов пен Теміржанов алтын жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұған дейін бокстан Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогы» турнирінің алғашқы финалистері анықталғанын жазған едік.