Шыңғыс Тобатаев, Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда мен қызмет саласы бөлімінің басшысы: - Елорда күні аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап Астананың ірі сауда орталықтарында азық-түлік өнімдеріне жеңілдіктер жасау бойынша арнайы әлеуметтік акция өткізіп жатырмыз. Атап айтқанда, «5 минут» супермаркетінде 1-19 шілде аралығында өтетін жеңілдіктер акциясын насихаттауға бағытталған кітапшалар таратылады. Күн сайын сағат 20:00 бастап аспаздық тағамдарға 30% жеңілдік жасалады, сонымен қатар, 6 шілдеде Тұран, 24, Жангелдин, 31А, Рысқұлбеков, 4 мекен-жайлары бойынша орналасқан дүкендерде тәтті тағамдардан дәм татуға болады. Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, «Анвар» супермаркеттер желісінің барлық дүкендерінде жеңілдіктер 17-50% құрайды. «АқОрда Capital» ЖШС мерекеге орай азық-түліктерге (сүт өнімі - 7-15%, «Ассам» шайы - 7%, жұмыртқа - 10%, құс еті - 10%, тәттілер - 30%, сусындар - 20%) 30% дейін жеңілдіктер жасалады. Ал, елордалық «Green» сауда желісі 1-7 шілде аралығында «Мастер», «Аружан» және «Хан Шатыр» сауда орталықтарында өз тауарларын 17% жеңілдікпен сатады және шілденің 6 күні сауда орталықтарына келушілерге ерекше ілтипат бөлінбек. Әр сатып алушыға, балаларға тәтті тағамдар ұсынылады. «Астықжан» сауда орталығы Елорда күні аясында тұрғындарға SMS хабарлама жіберіп, 50% жеңілдіктер туралы хабарлайтын болады. 1-6 шілде аралығында «Астықжан» дүкендерінде әлеуметтік маңызды тауарларға жеңілдіктер қарастырылған. Сонымен қатар, «Smаll», «А2», «Магнум Кэшен энд Кэри», «Астана мир вкуса» сауда желілерінде де айтарлықтай жеңілдіктер болады.
01:43, 03 Шілде 2015
Елорда күні аясында Астанадағы бірқатар супермаркетте 50% жеңілдік болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда күні аясында Астанада 100 астам мерекелік шара өткізілмек. Атап айтқанда, концерттер, көрмелер, түрлі фестивальдар мен ойын-сауық бағдарламалары. Осындай қызықты шаралардың бірі Астана әкімдігі ұйымдастырып отырған қалалық супермаркеттердегі акциялар марафоны. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.