Елорда күні дүниеге келген балаларға сыйлықтар мен «Қуан, Сәби» бір реттік жәрдемақысы ұсынылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана күні қала перзентханаларында қос қуаныш болады. Олар атаулы күні дүние есігін ашатын кішкентай елордалықтардың аналарына сый тарту етіп, естелік жасайды, деп хабарлайды astana.kz.

Елорда күнінде туған балалар мен олардың аналарына естелік сыйлықтар мен «Қуан, сәби» бір реттік жәрдемақысын беру дәстүрге айналды.

«Күн сайын перзентханада 28-30 бала дүниеге келеді. 6 шілде күні перзентханадағы сегіз аяғы ауыр әйел босанады деп күтіп отырмыз. Жаңа туған сәбилердің аналарына сыйлық беріп, бір реттік жәрдемақы төлемекпіз», - деді қалалық перзентхананың бас дәрігері Зайтуна Хамидуллина.