«6 шілдеді Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ашылады. Ол әлемдегі ең ірі музейлердің бірі болмақ, яғни тек көлемі жағынан ғана емес, мағыналық тұрғыдан алып қарағанда маңызды нысан. Осында көне дәуірден бастап, қазіргі Қазақстанның тарихына дейінгі аралық қамтылады»,- деді министр.
Ведомство басшысы музейде 14 зал бар екенін және оларда еліміздің тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылғанын атап өтті.
«Бұл музейдің ерекшелігіне тоқталатын болсақ, әрине, біз Тәуелсіздік алғаннан бергі өзіміздің жетістіктерімізді кеңінен көрсетуіміз керек. Атап айтқанда, спорттық, ғылыми, білім, өнеркәсіптік және басқа да көптеген жетістіктер осы жерде көрсетуіміз қажет», -деді А. Мұхамедиұлы.