АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен 1 шілде, сенбі күнгі демалыс 7 шілде, жұма күніне ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осылайша осы сенбіде жұмыс істеген қазақстандықтар келесі аптада 6, 7, 8 және 9 шілдеде 4 күн бойы демалады.
Айта кетейік, жыл сайын 6 шілде күні тойланатын Астана күні Мемлекеттік мереке саналады. Оның мәртебесі еліміздің «ҚР-дағы мерекелер туралы» Заңының 3-бабында жазылған.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.