АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - «Асқақтай бер, Астана!» түнгі би кеші жобасының қонағы - америкалық әнші Николь Шерзингер. Атақты әнші тыңдарман қауымға Pussycat Dolls тобының ең белді мүшесі ретінде танымал.
Бұл туралы Астана қаласының 15 жылдық мерейтойын ұйымдастырушы комитеттің медиатобы хабарлады.
Жыл сайын қала күніне орай Қазақстан және шетел жұлдыздарының қатысуымен өтетін бірегей «Асқақтай бер, Астана!» гала-концерті елорданың өзіндік бренді ретінде қалыптасып үлгерді.
Биылғы концерт «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Концертке отандық эстраданың танымал өнерпаздарымен қатар әлемдік жарық жұлдыздар қатысады деп күтілуде.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.