Қаланың ресми сайтының хабарлауынша, биыл Астана қаласының әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының, ҚР Ұлттық ұланының, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының, Тагильдің «Тагил-BEND» және Орынбор үрмелі аспаптар оркестрлері өз өнерлерін ортаға салады.
Фестивальдің арнайы қонағы - 1976 жылы ежелгі жалаумен ойнау өнерін жандандыру мақсатында құрылған Storici Sbandieratori delle Contrade di Cori фольклорлық тобы. Бұл топ Қайтар өрлеу дәуірінің киімдерін киіп, өткен заманның ғажайып жай-күйін қалыптастырады. Трубаның таза дыбысы, дауылпаздардың ырғақты дабылы, орындаушылықтың ойнақылығы көрермендерді таң қалдыруы тиіс..
Концерттің ашылуы 4 шілде күні сағат 20.00-де қаланың орталық алаңында өтеді. 5 шілдеде сағат 11.00-де қала әкімдігінің алдындағы алаңда плац-концерт, осы күні кешке «Бәйтерек» монументінің сахнасында бэнд-марафон ұйымдастырылады.
Барлық ұжымдар өнер көрсететін фестивальдің «Астана самалы - 2016» соңғы шеру-концерті 6 шілде күні сағат 11.00-де Әскери-тарихи музейден бастап Республика даңғылының бойымен «Жастар» сарайына дейін өтеді.