Елорда құрылысшылары Арыста 150-ге жуық жеке тұрғын үйді қайта салуда
17:51, 14 Тамыз 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арыстағы жаңа тұрғын салу мен қираған үйлерді қалпына келтіруде 1 мыңға жуық астаналық еңбектенуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлердің ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын 25 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда.
«Бізге тиесілі секторда шамамен 10 мың адам тұрады. Бұл – Арыс қаласының жалпы халқының 5/1 бөлігін, ал қаладағы жалпы тұрғын үй қорының 18 пайызын құрайды. Әрине, жаңа тұрғын үй салу үшін біраз уақыт қажет, технологияға байланысты мәселелер де бар. Дегенмен жұмыс уақтылы, тиісті нормалар мен құрылыс технологиясының талаптарына сәйкес жүріп жатыр», - деді ол.
Әкім орынбасарының мәлімдеуінше, Арыстағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстарына 30-дан астам елордалық мердігер ұйым мен 1 мыңға жуық жұмысшы тартылған.