Елорда құтқарушылары су тасқыны жағдайында не істеу керегін айтты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астаналық құтқарушылар ​су айдынына жақын және тасқын қаупі бар жерде тұратын тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға үй аумағындағы қарды дер кезінде күреп, үйді нығайтуды ұсынады.

«Сондай-ақ су тасқыны болуы мүмкін аумақтардың шекарасын, сонымен қатар биік, су баса қоймайтын орындарды зерделеп,​ оларға баратын ең қысқа жолдарды еске сақтаңыз.

Су тасқыны туралы ескерту алсаңыз, мына іс-әрекеттер ойда болсын:

- Есік-терезелерді жабыңыз

- Газ, электр қуаты мен суды өшіріңіз.

Ал егер эвакуация туралы ескерту алсаңыз:

- Дабыл чемоданы мен маусымға сай киім-кешек дайындаңыз.

Сел қаупі​ немесе​ су тасқыны​ белгілерін байқасаңыз, 112 нөмірі арқылы​ құтқару қызметтеріне хабарлаңыз» деп ескертеді құтқарушылар.