Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға үй аумағындағы қарды дер кезінде күреп, үйді нығайтуды ұсынады.
«Сондай-ақ су тасқыны болуы мүмкін аумақтардың шекарасын, сонымен қатар биік, су баса қоймайтын орындарды зерделеп, оларға баратын ең қысқа жолдарды еске сақтаңыз.
Су тасқыны туралы ескерту алсаңыз, мына іс-әрекеттер ойда болсын:
- Есік-терезелерді жабыңыз
- Газ, электр қуаты мен суды өшіріңіз.
Ал егер эвакуация туралы ескерту алсаңыз:
- Дабыл чемоданы мен маусымға сай киім-кешек дайындаңыз.
Сел қаупі немесе су тасқыны белгілерін байқасаңыз, 112 нөмірі арқылы құтқару қызметтеріне хабарлаңыз» деп ескертеді құтқарушылар.