Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы 6 қазанда Целиноград аудандық ПБ қызметкерлері Қосшы ауылындағы «Алтын дала» тұрғын үй кешені аумағында «Лада» көлігін тоқтатты. Тексеріс кезінде Нұр-Сұлтан қаласының 31 жастағы жүргізушісі есірткіге масайып рульде отырғаны анықталды. Ол медициналық тексеруден өтуден бас тартты. Сонымен бірге, ер адамның бұрын көлік жүргізу құқынан айырылғаны да белгілі болды.
«Жүргізушінің үстінен Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді ведомстводан.