Елорда маңында тұратын әйел жоғалған ұлын 9 жылдан кейін тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда маңындағы Қосшы кентіндегі әйел жоғалған ұлын 9 жылдан кейін тауып алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Polisia.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен ақмолалықтың мекенжайын полиция анықтаған. Қосшы кентінің тұрғыны Гүлдариға Нұрбаева 16 жастағы ұлын соңғы рет 2011 жылы қазан айында көрген. Сол кезде әйел ұлының із-түзсіз кеткені туралы өтініш түсірген.

9 жыл хабарсыз кеткен ұлының аман-есен үйәне оралатынына анасы сенген.