Елорда маңындағы өзендер жағасына қоқыс контейнерлері қойылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас қаламыздың маңайындағы адамдар демалатын өзен-көлдердің жағалауына қоқыс контейнерлері қойылатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекетбасшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет басшысы бастаған тазалық акциясына біздеөз үлесімізді қосудамыз. Басында акцияға 1 500-дей астаналық қатысады депболжам жасағанбыз, нәтижесінде белсенділердің саны еке есеге жетті. Машинаменөтіп бара жатырып, тоқтап, акцияға қатысып жатқандар да бар. Бұл әринеқуантарлық жағдай. Алдағы уақытта тазалық шарасы өз жалғасын табатынболады», - деді Бақтияр Мәкен.

Оның айтуынша, әраудандық әкімдікке елорда маңайындағы тазарту керек аумақтар бөлініп береді.

«Тазалықты әрадам өзінен бастау керек деп ойлаймын. Және табиғатқа өз үйіндей қарау керек.Неге бұлай десеңіз? Бүгін өзен жағалауын жинау барысында байқағаным, көпқалдықтар тағамдар мен тұрмыс заттары. Оны тастаған кімдер әрине өзіміз. Демектабиғатты таза ұстау да, бүлдіру де өз қолымызда. Осы тұрғы да қалалық әкімдіктағы бір бастаманы қолға алғалы отыр. Қала сыртындағы адам демалатынөзен-көлдердің жағалауына қоқыс контейнерлерін қоюды жоспарлап отырмыз. Яғнибелгілі бір арақашықтық сайын қолжетімді қоқыс тастау орны болады» - дедіәкім орынбасары.

Бұған дейінхабарлағанымыздай, бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин бастаған елорда жұрты Есілмен Қарасу өзендерін тазалауға қатысты.


Соңғы жаңалықтар