Елорданың жасыл белдеуіндегі жануарлар әлемін түрлендіру үшін қырғауылды жерсіндірудің биологиялық негіздемесі жасалған. Жасыл белдеу аумағына қырғауылды қолдан өсіріп, жерсіндіру үшін арнайы орын салынған. Мұнда жыл сайын 1000-нан астам балапан өсіріп, ересектері босатылады.
«Жақында басқарма «Астана орманы», «Астана Ветсервис» мекемелерімен және Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, 700 қырғауыл ұшырды. Қырғауылдар негізінен «Жасыл белдеудің» аласа бұталы учаскелерінде, жидек тұқымдары бар бұталы тоғайларда жүреді. Олар негізінен судың маңында, қалың қамыс пен су қоймаларының жағасында, қалың тікенді бұталы орман-тоғайларды мекендейді. Қырғауылдар аязға шыдамды», - деп жазылған хабарламада.