Аталған басқарманың Instagram парақшасындағы мәліметке сәйкес, акция нәтижесінде 30 тоннаға жуық қайта өңделетін шикізат жиналды. Ақша сертификаттарына «Абай» кітаптар үйінен білім беру ұйымдарына көркем әдебиет сатып алынды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, янғи 22 балабақша 13 тонна 650 келі макулатура жинап, ақша сертификаттарына 605 дана кітап, ал 39 мектеп 13 мың 332 келі макулатура жинап, 419 840 мың теңге ақша сертификаттарына 362 дана кітап сатып алды.
Сондай-ақ іс-шара барысында «Приключения Гринэйков» экологиялық ертегілер жинағы және «Рожденные мечтать» комиксі ұсынылды. Балаларға арналған басылым бес бөлімнен тұрады және сиқырлы Тазақала қаласының кішкентай және батыл тұрғындарының оқиғаларын қамтиды. «Рожденные мечтать» - бұл жасөспірімдер экологиялық проблеманы шешу үшін күш біріктіретін графикалық роман.
Барлық санитария нормаларын сақтай отырып өткізілген іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталды. Барлық балаларға - бастамаларға қатысушыларға сыйлық ретінде № 83 мектеп-гимназиясының оқушылары мен «Современник» халық театры актерлерінің қатысуымен «Экологическая сказка для друзей!» қойылымы көрсетілді.