«Қазіргі таңда елордадағы мектептің бәрі де 100 пайыз компьютерлік техникалармен, интернет желілерімен жабдықталған. Сонымен бірге мектептерде роботехника мен STEM-зертхана кабинеттері ашылған. Одан бөлек мектепте тамақтанудың ақысыз жүйесі іске қосылған. Ол арқылы ата-аналар балаларының мектепте қалай тамақтанып жүргенін бақылай алады», - деді басқарма өкілі «Елорданы цифрландыру және автоматтандыру» тақырыбында Нұр-Сұлтан әкімдігінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, толығымен видеобақылау жүйесін орнату үшін мектептерге қазіргі уақытта камера орнатылуда.
«Жыл соңына дейін қала мектептеріне 4 752 камера орнатылады. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласының мектептеріне 100 пайыз бейнебақылау камералары орнатылады», - деді ол.