Елорда мектептерінде ас мәзірі мен тағам әзірлеу әдісі біркелкі болады
«Оқушылардың тамақтануы бойынша бірқатар сұрақ көтерілген болатын. Жаңа оқу жылынан бастап мектептердегі тамақ әзірлеудің ингридиенттері, қосымша құн салығы және басқа да есептер негізінде бірыңғай ас мәзірі жаңартылды. Оның ішінде тағамдарды пісіру технологияры мен буфет өнімдеріне қойылатын талаптар да бар», - деді Қасымхан Сенғазиев қалалық мәслихаттың отырысында.
Басқарма басшысының мәлімдеуінше, жаңа мәзірде тағамның құрамы, оны қалай пісіру керектігі толық жазылған.
«Жаңа мәзір тамақтану институты және медицина университетімен бірлесіп әзірленді. Айтар болсақ, бұған дейін мектептерде ботқа түрлі әдіспен пісіріліп келді. Кейбірі 70% ботқа жармасы және 30% су қосса, басқа мектептер 60% ботқа жармасына 40% су қосып келді», - дейді ведомство басшысы.
Бұған дейін елордада 15 қосымша білім беру нысаны ашылатыны туралы хабарлаған едік.